• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
08 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бұйрығы №53

393 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 30 наурыз, Астана қаласы «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса берілген «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықтың көшірмесін оны алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің Төрағасы С.М.Айтпаеваға жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А.ДАУЫЛБАЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Е.Досаев 12 сәуір 2016 жыл Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 30 наурыздағы №53 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармалары (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру қызмет берушінің кеңсесі арқылы іске асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер болмаған кезде құжаттар топтамасын өткізу уақытынан бастап - 10 (он) минут; әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер болған жағдайда – 3 (үш) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 61-бабының талаптарына сәйкес ескіру мерзімін ескере отырып, осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы анықтаманы беру. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі – қызмет алушы). 8. Қызмет берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі. 9. Қызмет алушы болмаса сенімхат бойынша оның өкілі жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтерді беру туралы өтініш; жеке куәлік (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет). мемлекеттік қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға ұсынған кезде - нотариуспен расталған сенімхат; 10. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес, толық емес құжаттар пакеті көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізі болып табылады. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет берушінің немесе оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі 11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет берушінің немесе оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жолданады. Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы не қызмет берушінің кеңсесі арқылы қолма қол қабылданады. Қызмет берушінің мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиісті. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызмет алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі болмаса қызмет берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Қызмет алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиісті. 12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері есебімен өзге де талаптар 13. Заңмен белгіленген тәртіпте өзіне өзі қызмет ету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілеттілігінен немесе мүмкіндігінен толық/жартылай айырылған қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдау Бірыңғай байланыс орталығына:1414; 8 800 080 7777 жүгіну арқылы жүргізіледі. 14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының: www.prokuror.kz және қызмет берушінің: www. pravstat.prokuror.kz интернет-ресурстарында орналасқан. 15. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414 және 8 800 080 7777 арқылы қызмет алушы қашықтықтан қолжеткізу режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты ала алады. 16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары қызмет берушінің интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414 және 8 800 080 7777. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 1-қосымшасы Нысан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ________________________________________________ (Комитеттің аумақтық басқармасын көрсету) басқармасының бастығына ________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру туралы ӨТІНІШ Сізден Комитеттің есептері бойынша мен жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама беруіңізді сұраймын: _______________________________________________________________________________________________ Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін. Қолы________________ Күні «__»_________ _______ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 2-қосымшасы Нысан А Н Ы Қ Т А М А Азамат (ша)_____________________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты, ______________________________________________________________________________________________ күні (күнді, айды және жылды көрсетумен) _____________________________________________________________________________________________ және туған жері 20___ жылғы«_____» _____________ жағдайына «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 61-бабының талаптарына сәйкес ескіру мерзімін ескере отырып, әкімшілік құқық бұзушылықтары жоқ (бар). Басқарма басшысы ________________________________________________________________ (Комитеттің аумақтық органының, құрылымдық бөлімшесінің атауы, қолы, Т.А.Ә.) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 12 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13696 болып енгізілді.